Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев: Ең жағымсыз сценарийге дайындаламыз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустық инфекцияның таралуының ең нашар сценарийіне дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz   ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Әкім қазіргі уақытта Алматыда пандемия сценарийін әзірлеудің бірнеше нұсқалары қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Біз қазір күзде не болатынын ойлап отырмыз. Оптимистік және пессимистік болжам нұсқалары бар. Бірақ біз екінші нұсқаға жүгінгеніміз жөн, ең нашарына дайындаламыз. Ол үшін қажет нәрселердің бәрін есептеу керек: дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары және т.б. Қажеттілік бойынша қосымша ақша бөлетін боламыз", - деді Бақытжан Сағынтаев Almaty TV тікелей эфирінде.

Сондай-ақ, Алматы әкімі COVID-19-пен күресу үшін кейбір шығындар алынып тасталатынын атап өтті.

"Қосымша 300-350 төсекке арналған инфекциялық модульдік клиниканы салуды бастаймыз. Біз қалай қаржыландыратынымызды таптық. Қазір ішкі шығындарымызды қайта бөлу жүріп жатыр. Басымдылық - коронавируспен күрес. Бюджеттің басым емес шығыстары алынып тасталады", - деді қала басшысы.

Талқылау