Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Тұрман: Егер Қайрат біреуге ғашық болып қалса, мен оны жіберемін

Актер Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман отбасы мен жақындары туралы сөз етті. Әнші келін болған жылдарын еске алды. Өмірлік ұстанымдары жайлы баяндады. 

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды. 

Бақыт Тұрман 10 жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Студенттерге вокалдан сабақ береді. Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінде бөлім меңгерушісі. 

“Мен астанаға келгенде жұлдыз болсам, әнші болсам деп армандаған жоқпын. Мен келін болсам, ата-енеме шай құйып берсем деп армандадым. Бірақ керісінше болды. Мен келін болғанда енем ауырып жатты. Бастапқы жылдары келіндік қызметімді атқардым. Қарайластым, жуындырып, киіндіріп, серуендетіп дегендей. Бірақ кейін қалаға кетіп қалдық. Ата-енеммен көп тұрған жоқпын. Жұмысқа ерте араластым. Оқу бітірісімен оқу орнында қалып ұстаз болдым. Шәкірт тәрбиеледім. Шәкірттеріме қаталмын”, – дейді ол.

Қайрат Әділгерейдің жары отбасында қатал әйел екенін айтады. 



“Мен кей әйелдер секілді “жаным, күнім” деп жүретін адам емеспін. Қайратты Қайрат деп атаймын. Ол мені Бахалек дейді. Ер адамға әрдайым қолдау керек. Мен Қайратқа үнемі айтамын егер біреуге шын ғашық болып қалса, онсыз өмір сүре алмайтындай ұнатып қалса, мен оған ренжімеймін. Мен тоқал алуға қарсымын, бірақ Қайрат тоқал алу туралы айтпайды. Оған толық сенімдімін. Ал кетем деген адамды ұстамаймын. Жүрекке әмір жүрмейді. Егер кеткісі келсе, ешкімді ұстамаймын. Керісінше, менің басымда сондай жағдай болса да, Қайрат та дәл сондай түсінікпен қарау керек деп есептеймін”, – деді ол. 

Қайрат Әділгерей де тоқал алғысы келмейді. Алайда бәрі уақыттың еншісінде деп қалды. 

“Тоқал алатын ойым жоқ. Қанша достарым бар. Тоқалы мен бәйбішесі бар. Екі жақта жүреді. Тоқалмен бақытты болып кеткен адамды көрген жоқпын. Екі жақта жүрген соң бақытты болмайды. Береке болмайды. Бала-шағаңның қызығын көріп, бір әйелмен тұрғанға не жетсін. Егер асып-тасып, балаларыңды аяқтандырып, жетер жеріне жеткенде мүмкін көруге болатын шығар”, – деді актер.

Талқылау