БАҚ: Түркия танктерін Грекияның шекарасына қарай бағыттады
Жерорта теңізінің шығысындағы дағдарыс жағдайында Түркия Грециямен шектесетін Эдирне провинциясына өз танкілерін жібереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
40-қа жуық танкі бар екі колонна Сириямен шекаралас Хатай провинциясының Рейханлы аймағынан кетті. Танктер Грециямен шекаралас Эдирне провинциясына теміржол арқылы жіберіледі деп болжануда.
Түркия мен Греция арасындағы қатынастар соңғы апталарда ушығып кетті. Бұл түріктің Oruç Reis кемесі Греция өзінің эксклюзивті экономикалық аймағы деп санайтын Шығыс Жерорта теңізі аймағында сейсмикалық зерттеулерді бастауымен тығыз байланысты.
Осыған байланысты грек қарулы күштері жоғары дайындық режиміне көшірілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”