Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметкер көз жұмды

Парашюті толық ашылмай қалғандықтан жарақат алған әскери қызметкер Ақтау ауруханасында қайтыс болды.

Парашют толық ашылмағандықтан құлап жарақат алған әскери қызметкер Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында (МОБ) қайтыс болды.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен кеше, 1 қыркүйекте науқас Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қайтыс болған адамның отбасына көңіл айтамыз", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда парашют шатыры толық ашылмағандықтан сарбаз жапа шекті. Оқиға парашютпен жоспарлы түрде секіру жаттығуы кезінде болған.

Жарақат алған парашютшінің әріптестері секіру сәтін видеоға түсіріп алды. Әскери қызметкердің анасы Күлжахан Жамауова мәлімдеме жасады. Ол ұлының жерден берілген бұйрықтарды ести алмайтынын, өйткені әскери күштерде дауыс зорайтқыш болмағанын айтты.

Кейіннен ақтаулық тәуелсіз сарапшы жарақат алған парашютші жерден командаларға жауап бермеді деген нұсқаға түсініктеме берді. Алексей Оскин, авиациялық техникалық спорт клубының (АТСК) бұрынғы инструктор-десантшысы нұсқаушысы тіпті адамның мегафонға айтқан сөздерін жерден 100-150 метр қашықтықта ғана ести алатындығын айтты.

Талқылау