Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Солтүстік Қазақстан облысында демографиялық апат байқалады

Солтүстік Қазақстан облысында пандемия аясында демографиялық апат байқалады - туғандардан гөрі өлгендер саны көп. Бұл туралы өңірлік "Петропавловск.news" порталы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс істеуге барған: Норвегиядан 59 қазақстандық азамат депортацияланды

Көші-қон ағыны тіпті коронавирусқа байланысты шектеулер аясында да өзгерген жоқ - минус 2880 адам. Осы жыл ішінде облыс халқы 3247 адамға азайды.

Статистика комитетінің жаңа есебіне сәйкес, аймақта халықтың табиғи өсімі айтарлықтай төмендеді, дегенмен бұл көрсеткіш ұзақ уақыт бойы оң аумақта болған.

Жыл басынан бері облыста 5127 адам дүниеге келіп, 5490 адам қайтыс болды (минус 363 адам). Өткен жылдың осы кезеңінде халықтың табиғи өсімі 150 адамды құраған.

Алғаш рет өлімнің негізгі себебі тыныс алу аурулары болды - барлық жағдайдың 18,8 пайызы. Ақпан айында коронавирус пандемиясы басталғанға дейін бұл көрсеткіш 14,7 пайызға тең болды. Ал өлімнің негізгі себебі қанайналым жүйесінің аурулары болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың салдарынан 25 адам көз жұмды.

Көші-қонға келетін болсақ, тіпті коронавирусқа байланысты шектеулер, карантиндер мен блок-бекеттер Солтүстік Қазақстан облысындағы халықты ұстай алмады. Тұрақты тұруға 4436 адам келді, оның ішінде жұмыс күші артық аймақтардан келгендер бар. Бұл ретте 7320 адам кетіп қалды. Кеткендердің шамамен 55 пайызы көрші облыстарға, 45 пайызы басқа елдерге қоныс аударды. 91,8 пайызы ТМД елдеріне кетті. Елден кететіндердің көпшілігі Ресей Федерациясына қоныстанды.

Талқылау