Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ Головкинді сөзсіз жеңіп кете алатын боксшының есімін атады

Шетелдік журналист Хайме Ортега қазақстандық Геннадий Головкинді жеңіп кете алатын бір-ақ боксшы бар деп айтты.

450_55e08eade8680

Бұл туралы Boxingnews24.com хабарлайды.

Оның айтуынша Головкинді (37-0, 33 КО) Андре Уорд (31-0, 15 КО) ғана жеңе алады.

“Менің көзқарасым бойынша Головкинді жеңетін бір ғана боксшы, ол – Уорд. Тіпті оның өзіне де Головкинді жеңу оңайға түспейді. Джейкобс Головкинді жеңу үшін жылдамдық пен агрессияны пайдалануға тырысып көрді, бірақ қарымта соққылары дәл тимей, бәрі қолғаптан кері қайтып жатты. Уорд оған қарағанда дәлірек, күшті. Сергей Ковалев те – жақсы нокаутер, бірақ оны Головкиннен биік боксшы деп бағалай алмас едім”, – деп жазады Ортега.

Бірақ, Уорд қазақстандықтың жақын арада кездесе қоятын боксшылары санатына жатпайды. Өйткені, Головкин үшін жуық арада британиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) және мексикалық Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) кездесу өте маңызды болып тұр.

19-ыншы наурызда жерлесіміз Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен күш сынасты. Сөйтіп, қазылардың шешімімен қазақстандық боксшы тағы да жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

Талқылау