Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты
Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Мадейра әуежайында өзінің құрметіне тұрғызылған мүсіннің ашылу салтанатына қатысты.

Әуежай да футболшының құрметіне атауын ауыстырған болатын. Жергілікті билік осылайша Роналдудың есімін әуежайға беру туралы шешім қабылдаған.
Ескерткіш ашыла салысымен, интернет қолданушыларының қызу талқылауына тап болды. Олардың көпшілігі мүсіннің футболшыға мүлде ұқсамайтынын айтып жатыр.

Олардың айтуынша мүсін футболшыға емес, ағылшын бишісі Марк Берриге көбірек ұқсайды.
2012 жылы футболшы туып өскен Фуншал қаласының билігі оның құрметіне қоладан ескерткіш соққан болатын.
Оқи отырыңыз:
Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді
Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”