Португалия әуежайына Роналдудың есімі берілетін болды
Португалия билігі Мадейра аралындағы әуежайға, сол аралдың тумасы, “Реал” мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың есімін беру туралы шешім шығарды.

Бұл туралы BBC хабарлайды.
Әуежайға футболшының есімін беру салтанатты рәсімі бүгін Фуншал қаласында өткізілмек. Оған футболшының өзі де қатысады. Қалада футболшының ескерткіші, сондай-ақ оның атындағы музей мен қонақүй де бар.
Алайда, футболшының есімін әуежайға беру идеясы жергілікті саясаткерлер тарапынан қарсылыққа ұшыраған. Сыни пікір білдірушілер оның атына музей мен қонақүйдің берілуі де жеткілікті деп санайды.
Мадейра әуежайы 1964 жылдың 8 шілдесінен бері жұмыс істейді және онда бір ғана ұшу жолағы бар.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық Месси: 17 жастағы қазақ футболшысына Испания мамандарының көзі түсті (видео)
Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді
Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар