Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Месси: 17 жастағы қазақ футболшысына Испания мамандарының көзі түсті (видео)

Қазақстандық 17 жастағы футболшы Еркебұлан Сейдахмет Испаниялық скауттардың көзіне түсіп, назарларын аударған.

photo_74783

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Тіпті ресейлік футбол агенттерінің өзі Еркебұланның ойынына тәнті болып, оған Ресей азаматтығын алып беру керек деген де бастама көтерген.

“Қазақстандық 17 жастағы футболшы өзін Гранаткин Мемориалында керемет шабуылшы ретінде көрсете алды. Ресей құрамасына осындай ойыншыларды іздеп, посткеңестік кеңістіктегі елдерден тарту керек, сосын азаматтық беру қажет”, – дейді агент Дмитрий Селюк.

Оның айтуынша, Еркебұланның алаңдағы шеберлігіне испаниялықтар да тәнті болып, жоғары бағалаған.

Еркебұлан Сейдахмет Ресейде өткен “Гранаткин Мемориалы” турнирінде ерекше көзге түскеннен кейін “Зенит” командасы сапында оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Италияда өткен Viareggio Cup турнирі кезінде бір таймда покер (төрт гол соғып) жасап таңғалдырды.

Алайда қазақстандық футболшы ФИФА-ның питерлік клубқа салған кәмелетке толмағандарды қатарға қоспау туралы тыйымына байланысты, “Зенитпен” келісім-шартқа отыра алмайды.

Қазір футболшы “Тараз” футбол клубымен келісім-шартқа отырған. Бірақ, әзірге тараздық ұжымның негізгі командасында немесе бірінші лигадағы командасы сапында ойнайтыны нақты жария етілмеді.

Оқи отырыңыз:

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Талқылау