БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды
Геннадий Головкин жазда орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен айқас өткізбейді.
Yahoo! Sports порталының хабарлауынша, мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке дайындалады. Геннадийдің промоутері Том Леффлер мексикалық тараппен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда, алайда жағдай туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартқан. Бастапқыда Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айына жоспарланған еді. Өткізу орны Астана қаласы деп жорамалданған.
Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді жеп хабарланған еді. Алайда Сондерспен Головкин айқасы кейінге шегерілді. Қарсылас жақ бұған Головкиннің жарақат алуы себеп болғанын айтты. Ал, Головкиннің бапкері спортшының ауыр жарақат алғанын теріске шығарды.
Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.
Тағы оқыңыздар:
Бапкері Головкиннің жарақаты туралы айтып берді