"Бақ біреуге кеш, біреуге ерте беріледі": Балжан Бидаш балалы болуға қатысты сауалға жауап берді
2020 жылдың соңында отбасын құрған Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиевке балалы болу туралы сауал жиі қойылады. Фанаттар екі жастың ертерек ата-ана атануына тілекші. Алайда Балжан әр нәрсенің өз уақыты болатынын айтты.
"Директ, комментті ашсам болды халықтың бәрі бізге бала сүюді тілеп жатады. Тілекші болып жатқандарыңызға рахмет.
Бақ біреуге кеш, біреуге ерте беріледі. Бала бағын күтіп жүрген әрбір жанұяға махаббат, сабырлық тілеймін. Бақытты болыңыздар", – деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.
Көпшілік Балжанның сәби сүюіне тілектестік білдірді. Әулие жерлерді аралауға кеңес берді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда