Бағым Мұхитденова Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жақтап шықты

Бағым Мұхитденова атышулы “Қалаулым” бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Ол сіңлісі Аша жүргізетін шоуды жақтап, әріптестерін түсіністік танытуға шақырды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Рейтингі ең жоғарғы жоба және рейтингі ең жоғары тележүргізуші Аша Матай! Сіңлім болғандықтан үндемей қала алмадым. Егер жоба осындай жоғары рейтинг көрсетсе, демек халық оны жақсы көреді және ол біздің менталитетімізге сай келеді. Факт қашан да факт болып қала бермек. Сіңлім үшін жүрегім ауырып отыр. Әріптестерім мені түсінеді деген ойдамын. Бірақ ақыр соңында басқа емес, бәрібір көрермен таңдау жасайды. Аша, мен қандай жағдай болмасын, сенімен біргемін”, – деп қолдау білдірді Бағым Мақсатқызы.

Айта кетейік, жуырда Сәкен Майғазиев “Қалаулым” бағдарламасына қатысқан әріптестерін сынға алған еді. Көп ұзамай бірқатар өнер иелері Сәкенді қолдап, “Қалаулымға” қарсы флешмоб ұйымдастырды. Ал Аша Матай жобаны көретін көрермен барда “Қалаулымның” жалғаса беретінін кесіп айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас төрт баласымен бірге концерт қойғалы жатыр

«Бастау» тобы Ригада өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Ұлының денсаулығына алаңдап, дем салған Майғазиевтің анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр