Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат қаласы бомбылаудың астында қалды

Жарылыс Ирак астанасының жасыл ауданында орын алған, бұл жерде басқа мемлекеттердің өкілдері болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ирактың қауіпсіздік қызмеметкерлерінің мәлімдеуінше, жарақат алғандар жоқ екен. 

Бұған қоса Бағдаттың солтүстігінде орналасқан "Балад" әскеру-әуе базасы да оқ астында қалыпты. Оларға қарсы оқ жаудырғандар АҚШ әскерлері көрінеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, базадағы екі ракета жарылып кеткен. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін америкалық әскерлер Бағдат әуежайына жақын орналасқан аудандарды бомбалаған еді. Салдарынан он адам көз жұмған, олардың қатарында Иран генералы Касем Сүлеймани, Ирактағы шиіт жасағынының басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мұхандис және ислам революциясының бірнеше офицерлері болыпты. 

Пентагон өкілдері бомбалауды АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымдастырды деп мәлімдеген. Вашингтондағылар опат болған генералды коалицияның базасы мен Бағдатқа АҚШ елшілігіне шабуылдады деп кінәләпті. 

Иран халқы генерал Сүлеймани өлтірілгеннен кейін мыңдаған халық митингке шыққан. 


 

Талқылау