Бағдаршам мен газ құбырына соғылған: Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай бағдаршам мен газ құбырына соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №100 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Медеу ауданында болды.
"Foton" автобусының жүргізуші Халиуллин көшесімен батыс бағытта келе жатып Тәттібеков көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып бағдаршам мен газ құбырына соғылды", - деп хабарлады департаменттен.
Жол апаты салдарынан 59 жастағы жаяу жүргінші зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
"Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, мән-жай анықталуда", - деп атап өтті ведомстводан.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған