Азия чемпионатында өнер көрсететін семсершілеріміз анықталды
Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 маусым күні Кувейтте семсерлесуден Азия біріншілігі басталып, сарықұрлықтың спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл додада Қазақстан құрамасы да қатысады. Назарларыңызға Азия біріншілігінде сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:
Шпага, әйелдер: Софья Николайчук, Виктория Қайдарова, Владислава Андреева, Наталья Зинякова;
Шпага, ерлер: Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай;
Сабля, әйелдер: Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы;
Сабля, ерлер: Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы;
Рапира, әйелдер: София Ақтаева, Құлжан Түсіпбекова, Алена Гноева, Алина Ескендірова;
Рапира, ерлер: Ғалым Нұрымов, Темірлан Қалиев, Тимофей Семенов, Никита Пономарев.
Айта кетейік, Семсерлесуден Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының бес жолдамасы бар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді

