"Спутник V" әзірлеушісі вакцина коронавирустың қандай штаммдарынан қорғайтынын айтты
"Спутник V" вакцинасы коронавирустың барлық белгілі штаммдарынан қорғайды. Бұл туралы Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Спутник V-ді” қолдану нәтижесінде пайда болған антиденелер қазіргі кездегі барлық белгілі штаммдардан қорғайды, британиялықтан бастап, сәйкесінше үнділік дельта штаммымен аяқталады", - деді “Ресей 1” арнасындағы “Вести недели” эфирінде Гинцбург.
Маман коронавирустың үнділік штаммы қауіптірек екенін айтты. Ол аурудың жеңіл түрінен ауыр түріне өту уақытын қысқартады, әрі коронавирусқа антиденелердің пайда болу уақытын да азайтады.
- "Спутник V" вакцинасын әзірлеушілер препараттан қанша адам көз жұмғанын айтты
- Коронавирустан тез айығудың жолы анықталды
"Бұл үнділік штамм беретін сурет, ол агрессивті. Ухань штаммымен салыстырғанда тез таралады... Ол қауіптірек. Ол жеңіл симптомдардан аурудың ауыр түрлеріне өту уақытын төмендетеді, осылайша антиденелерінің пайда болу уақытын да қысқартады", – деді Гинцбург.
Бұған дейін Александр Гинцбург "Спутник V" вакцинасы егілген адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойы иммунитет қалыптасатынын айтқан еді.