Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Спутник V" вакцинасын әзірлеушілер препараттан қанша адам көз жұмғанын айтты

Гамалей орталығының басшысы Александр Гинцбург "Спутник V" вакцинасын салдырғандардың ешбірі өлмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Өлім жағдайлары былай тұрсын, осы ауруға шалдығып, "Спутник V" вакцинасын салдырған адамдарда  ауыр жағдайлар анықталған жоқ. Олардың барлығы қорғалған", - деді ол онлайн-брифингте.

Александр Гинцбургтің сөзінше, вакцинаның екінші дозасынан кейін адамда жоғары иммундық реакция, сонымен қатар патогенмен (COVID-19) кездескен кезде қысқа мерзімде қорғаныс антиденелерінің қажетті мөлшерін жасайтын "жад жасушаларының" көп мөлшері пайда болады.



"Спутник V" - РФПИ қолдауымен Гамалей Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған препарат. Вакцина адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасында жасалған. Бұл коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы тіркелген препарат.

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап дәлі осы "Спутник V" препаратымен вакцинация басталды.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация үш кезеңде жүргізіледі:

•    1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде: жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация бөлімшелерінің, жедел жәрдем бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинация алады. Барлығы 100 мыңға жуық адам.
•    1 наурызда басталатын екінші кезеңде вакцина алады: жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, медициналық қызмет қызметкерлері. Барлығы 150 мыңға жуық адам.
•    1 сәуірде басталатын үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар вакцинациялана алады. Барлығы 600 мыңға жуық адам.

Талқылау