Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан мен Армения тұтқындарымен алмасып, бейбіт келісімге келмек

Әзірбайжан мен Армения тұтқындармен алмасуға және бейбіт келісімге келгендерін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әзірбайжан президентінің әкімшілігі мен Армения премьер-министрінің кеңсесі арасындағы келіссөздердің нәтижесінде Әзірбайжан 32 армянды, Армения екі әзірбайжан сарбазын босатады.

Арменияға жеткізілген әскери тұтқындардың 26-сы 2020 жылдың желтоқсан айында 44 күндік соғыс аяқталғаннан кейін Таулы Қарабахтың Хадрут аймағында тұтқынға алынған, ал тағы алтауы басқа жерде ұсталған. Олардың арасында мойындалмаған республика басшылары жоқ.

Таулы Қарабақтағы бақылауды түпкілікті тапсырғаннан кейін мойындалмаған республиканың үш бұрынғы президенті, парламенттің бұрынғы спикері, ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы, Қарабақ армиясының бұрынғы қолбасшысы және қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ бұрынғы үкімет басшысы және орыс-армян магнаты тұтқынға алынды.

Армения билігінің мәліметі бойынша Әзірбайжанда 41 әскери, 6 бейбіт тұрғын және мойындалмаған Таулы Қарабахтың 8 бұрынғы жоғары лауазымды саяси және әскери қайраткерлері бар. 

Әзірбайжан мен Армения Еуропалық Одақ, АҚШ және Ресейдің көмегімен бейбіт келіссөздер жүргізіп келеді.

Талқылау