"Сын да айтып тұрамын": Қабдеш Жұмаділов келіні Мәдина Сәдуақасовамен қарым-қатынасы туралы айтты
Жазушы Қабдеш Жұмаділов жиен келіні әнші Мәдина Сәдуақасоваға сын айтып тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Sputnik Қазақстан бағдарламасына сілтеме жасап.

Қабдеш Жұмаділов әншіні алдыңғы қатарлы өнер иелерінің бірі деп танып, өзіне тән ерекше дауысы бар екенін айтты. Жазушы мен өнер жұлдызы әуен мен мәтін туралы үнемі сөз қозғап, талдау жасайтын көрінеді. Келініне көңілі толатын жазушы Мәдина Сәдуақасова туралы пікірін жеткізді.
"Мәдина Сәдуақасоваға көңілім толады. Әжептәуір дауысы бар оның. Қазір алдыңғы қатарлы әншілердің бірі. Жеке де, бірге де кез келген әнді айтып шыға алады. Бір сөзбен айтқанда жарап тұр. Сын да айтып тұрамын. Ән, мәтін жөнінде жиі әңгіме қозғаймыз", - дейді Қабдеш Жұмаділов.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар