Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжелердің сандығындағы көйлектер биылғы күзде сәнде болмақ

Таяуда Лидо отандық ательелердің бірімен жасаған каллоборациясын ұсынғанды. Сылқым топтамасын түгел денимнен тіккен. Сәнқой бикеш биылғы күздің трендін дөп басқандай. Джинсыдан өзге қара былғары мен ши барқыт осы маусымның тенденциясы.

Сурет: Лидоның жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.

Ши барқыттың бір түсті болғаны абзал. Оның үстіне, тек сырт киім мен шалбарлы костюм ғана осы матадан ұтымды көрінеді. Шифон мен драп, күдері сынды қалың маталарды да үйлестіру – маст хэв. “Анаңыздың жас кезінде киген көйлегімен сіз тренде боласыз! Сол пішім, түстер, үлгілер қайта оралды”, – дейді Merсedes-Benz Fashion Week -тің негізін қалаушы Жанель Бертаева.

Тор көзді, жолақты костюмдер, пәлте, күртешелер әрбір сәнқойға осы маусымда керек-ақ. Подуим – бұл тенденция ерлерге де тән екенін көрсетті. “Кереге көз костюм, жейделер сәнде. Астары теріден тігілген сырт киімдер де – актуалды. Бастысы, барсетка және Нью – Йорк деген жазуы бар телпектерден арылған жөн”, – дейді Merсedes-Benz Fashion Week -тің негізін қалаушы Ян Рей.

Белдемшенің де, шалбардың да белі биік болғаны дұрыс. Сосын, тым ұзын әрі қалың шарфтар да сәнге қайта оралды. Денимнің де алуан түрі – трендте. “Тотал лук  – cәнде! Мәселен, түгелдей дерлік  қара былғары киюге кеңес беремін. Қызғылт, нюд-тотал луктар да – актуалды”, – дейді сәнқой Евгения Тянь.

Былғары күртеше, белдемше, шалбар, жейдені де жатсынбаңыз! Бәрін бірден киіп алудың да артықтығы жоқ. Бұл талғамсыздықтың емес, соңғы тенденциядан хабардар екеніңіздің белгісі. “Қызыл түс – маусымның хиті! Аяқ киім, көйлек, аксессуар түгелдей дерлік қызыл болса, сіз сәннен хабары бар ару екеніңізді көрсетесіз!” – дейді сәнқой Евгения Тянь.

Салтанатты кештерге жеңіл әрі жұқа матадан тігілген көйлек пен камбенизондар лайық. Қанық түстерді көбірек басымдық беріңіз. Бұл білікті сәнгерлердің ұсынысы.


Жіберіп алмаңыз:

Актриса Мариям Думан үшінші перзентін өмірге әкелді

Жұртты шулатқан МС Сайлаубек қазір қайда жүр

Төреғали: “Қазақ қызға үйленем” әнін енді қай бетіммен орындаймын

Орыс тілінде ән жазған Ерболат Құдайбергенов енді Ресейді бағындырмақ

Талқылау