"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Абай облысы бойынша филиалының директоры ұсталды
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Абай облысы бойынша филиалының директоры ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті экономикалық тергеу департаментімен және облыс прокуратурасының келісуімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ филиалының директорын ұстады", - делінген хабарламада.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
Ұсталған азамат Семей қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады