Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Қазақ – бақытын баласынан іздейтін жалғыз ұлт

Азамат Сатыбалды отандық кинотуындыларға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, өзіне сенімсіз режиссерлер ғана туындысына танымал жұлдыздарды шақырады. Мұнымен қатар, ол қазақ қоғамы үшін баланың маңызды екенін айтып өтті.

12338821_1009232962475071_768440210_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

– Кинопродюсер идеясы қашан туындады?

– Меніңше, әрбір адамның, әрбір өнерпаздың жеміс секілді пісетін уақыты болады. Абай атамыз айтпақшы, адам өзін үнемі кемелдендіріп отыруы тиіс. Яғни өзімді өнер адамы ретінде жетілдім деп ойлаймын. Биыл мен үшін сәтті, табысты жыл болды. Қос арманым бірдей орындалып отыр: театр ашып, жеке продюсерлік орталығымнан жеке кино туындым жарық көріп отыр.

– Бұл фильм құрсақ ананың көмегі жүгінген жұп жайлы. Аталған туынды көрерменді қандай ойға жетелейді.

– Мен қазақты баласыз елестете алмаймын. Қазақ – бақытын баласынан іздейтін жалғыз ұлт. Осы тақырыпқа Ардақ Төлеубай екеуіміз қалам тарттық. Бұл тақырыпқа қатысты көптеген проблема бар. Көп адам бұл туралы, тіпті, сөз қозғағылары келмейді. Бала болмағандықтан, отбасының арасынан жанжал шығып, ажырасып жатады. Бір-біріне сенбейді. Қос ғашық үйленген соң бір-бірлеріне сенім артулары тиіс. Саған қанша жылдан кейін бала беретінін Алланың өзі біледі. Киноны махаббатқа, үмітке құрдық. Сол төңіректе сценарий жазып, соны мүмкіндігінше жеткізуге тырыстық.

– Жобаңыздың коммерциялық тұрғыдан табысты болатынына сенесіз бе? Әлде түпкі мақсат басқа ма?

– Менің басты мақсатым – табыс табу болса, комедия түсіретін едім. Қазір халықты біз комедияға үйретіп қойдық. Ал осы тұста менің басты мақсатым – көрерменге ой салу. Ой салу үшін күрделі тақырыптар қозғалуы тиіс. Ең бастысы, осы тақырып тым күрделеніп кетпеуі тиіс. Адамның жүрегіне жылы жетуі тиіс.

– Актерлік құрам туралы айтып өтсеңіз… Актерлік құрамды «үйренбек жау атыспаққа жақсы» деп таңдаған сияқтысыз

– Өте дұрыс айтып отырсың. Себебі, басты рөлдегі Зарина екеуіміз театрдағы екі қойылымда қатар ойнадық. Ол екеуі де өте сәтті шықты. Актер ретінде өзіңмен үндесетін жұбыңды табу өте қиын. Ал кинода бұл мәселе тіптен қиын. Ардақ Төлеубай екеуіміз сценарийді жазып отырып, Айжанның рөліне Заринаны таңдадық. Ол келісімін бергеннен кейін ғана сценарийді жаза бастадық. 95℅ кәсіби актерлерді алуға тырыстық.

– Сіздің картинаңызды әншілер мен вайнерлер бар ма?

– Меніңше, әрбір адам өз ісімен айналысуы тиіс. Қазақта «Торғай сойса да, қасапшы сойсын» деген әдемі мақал бар. Әнші ән айтуы керек, актер сахнада ойнауы тиіс, ал режиссер түсіруі керек. Менің түсінігімде вайнерлер мен актерлерді киносына өзіне сенімсіз адам шақырады. Ол драмутургиядағы ойын көрерменге жеткізуге қорықққаннан кейін соны танымал адамдар арқылы жеткізгісі келеді. Ал менің туындым 27 сәуір күні жарыққа шығады.


Жіберіп алмаңыз:

Азамат Сатыбалды: Әйелім бала тумады екен деп ажырасып кетпеймін. Оны сүйемін

Анасы: Димаш Америкада қалмайды. Ол тек қазақ үшін еңбектенеді

Гүлзира Айдарбекова: Сіздерге абыроймен қартаюды тілеймін (видео)

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге дуэт орындады

Талқылау