Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Есқараев Әділет министрі қызметінен босатылды

Әділет министрі қызметінде 11 ай отырған Азамат Есқараев лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада. 



Айта кетейік, Азамат Несіпбайұлы бұл қызметке 2024 жылдың 6 ақпанында келген еді. 

Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Әділет министрлігінде маман ретінде бастаған. Бұл ведомствода ол 2005 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Содан кейін Алматы әкімі аппаратының бас инспекторы болып тағайындалды.

2006-2007 жылдары "Қазына" тұрақты даму қорының заң қызметі департаментінде жұмыс істеді. Одан кейін Әділет министрлігіне қайта оралды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2014-2019 жылдары премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.

2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін осы бөлімді басқарды.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың ақпанында мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасап, Үкімет құрамын өзгерткен.

Талқылау