Азамат Дәулетбеков әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады
Жақында ғана Бішкекте өткен Азия чемпионатында топ жарған Азамат Дәулетбеков әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков үшінші рет Азия чемпионы атанғаннан кейін әлемдік рейтингте көш бастады. 86 келіде белдесетін балуанымыз 52400 ұпаймен артына олимпиада чемпионы Дэвид Тэйлер мен олимпиада ойындарының жүлдегері Майлз Наземді артқа тастаған. Рейтингте көш бастаған Азамат үшін Париж олимпиадасында жүлдегерлер қатарынан көріну мүмкіндігі көбейді. Өйткені рейтингтің басында тұрған спортшылар жеребе тарту рәсімінде бір топқа түспейді.
Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының үш жолдамасы бар. Азаматтан бөлек, 97 келідегі Әлішер Ерғали мен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаевта жолдама бар.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

