Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға тегін дәрі-дәрмек берілмек

COVID-19 таралуын азайту үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға дәрі қобдишасы тегін таратылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

қобдиша

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылдың маусымына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін жеткізілетін болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

"Медициналық дәрі қобдишаларын сатып алуға қаражат Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінетін болады. Дәрі қобдишаларын БҰҰДБ арқылы сатып алу болжанып отыр. Жиынтықтардың құрамын ҚР денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді. Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады", - делінген хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, аталған шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

"Ағымдағы жылдың маусымына дейін Қазақстандағы табысы аз отбасыларға 145 мың медициналық дәрі қобдишасы жеткізілетін болады. 2020 жылдың 10 шілдесінде ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын", - деп хабарланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр