Айжұлдыз Адайбекова Қыран Талапбекпен заңды түрде некелеспегенін айтты
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жүктілік кезінде бұрынғы күйеуінің жанында болмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Бағдарлама жүргізушісінің: “Сен стрессте жүрген кезде баланың әкесі қасыңда болды ма?” деген сұрағына Айжұлдыз: “Ол жүктілік кезінде де, одан кейін де болған жоқ. Мен мұны тағдыр деп қабылдаймын. Сондай-ақ менде ажырасу болған жоқ. Яғни біз заңды түрде некелеспедік. Себебі, оған қарсы болған адамдар болды. Бірақ олардың кім екенін айтпай-ақ қояйын. Ол кезең мен үшін оңай өтті”, – деп жауап берді.
Оның айтуынша, бұл жағдайдан шығуына өзіне деген махаббат көмектескен.
“Мен – өзімшіл адаммын. Өзімді жақсы көретінім сонша, мен психологтермен жұмыс істедім, рухани ұстаздарыммен кездесіп, ақыл-кеңес алдым. Мен ай сайын молдаға барып, өзімді тазартамын. Керек емес, негативті энергиядан тазарамын. Ал мұндайда Құраннан артық ештеңе көмектеспейді”, – дейді Айжұлдыз.
Жас ана бір кездері байланысын үзген бұрынғы күйеуімен қалай татуласқанын да жасырмай айтып берді.
“Назар бір жасқа толмастан бір күн бұрын оған: “Кездесейік. Тым болмаса, балаңды көр”, – деп хабарлама жаздым. Кездестік, көрістік, татуластық. Қазір бәрі жақсы, оған деген өкпе-реніш жоқ”, – деді ол ақтарыла.