"Енді келсеңдер, атып тастаймын дедім": Айжан Байзақова өзін басынған жігіттер жайлы айтты
Атышулы блогер Айжан Байзақованың жеке өмірі көпшілікке қызық тақырып. Бүгінде ана атанған блогер ұлы жайлы айта бермейді. Сүйіктісі барын айтқанымен, ел алдында бірге жүрмейді. Байзақова бұл сұхбатында отбасы, ұлы мен жанкүйерлері туралы айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Не хабар" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айжан Байзақованы өмірде танитын адамдар оны әлем желідегі бейнесімен байланыстыра алмай жатады. Көпшілігі оның ерсі қылықтары желідегі образы екенін айтып ақтайды. Байзақованың өзі де мұны мойындағанымен, өмірде де мінезді адам екенін айтты.
"Көпшілігі мені көргенде "желідегіден басқа екенсің, өмірде жақсы қыз екенсің" деп жатады. Егер маған ешкім тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін. Жақсы жүрем, жақсы сөйлесемін. Егер маған өздері тиіссе, не ауыр сөз айтса, мен оның қолында өлем. Мен де адаммын. Менің де жаман мінезім бар. Анам маған "өзіңді басындырма, өзіңді төмендеткенше қолында өл" деп үйрететін. Шамаң келгенше күрес деген мағына. Мен сондай қағидамен өскенмін", - деді ол.
"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты
Байзақова ұлы мен сүйіктісін көпшілікке көрсеткен емес. Әпкесі мен әкесі де өзін көрсетуге қарсы екен.
"Әркімнің жеке қалауы болады. Біреу танымалдыққа ұмтылады. Біреу керісінше қашады. Еркін жүргісі келеді. Сондықтан інім мен анамды көрсете аламын. Ал, әпкемді, әкемді, ұлымды, қасымда жүрген азаматымды көрсете алмаймын. Себебі олар қарсы. Ұлын көрсетіп, көпшілікке таныстырып жүретін аналардың қатарынан емеспін. Ұлым мүмкін ертең танымал адам болғысы келмейтін шығар. Қазір сөйлей алмағанымен ертең өкпесін айтатын шығар. Сондықтан оның өз шешімін білмей жатып, мен оны желіде көрсете алмаймын. Тіпті көшеде ашық серуендеп жүре алмаймын", - деді Байзақова.
Блогер ұлын көпшілікке көрсету үшін қомақты қаражат ұсынған жандар болғанын айтты.
"Ұлымды көрсету үшін қомақты ақша ұсынды. Мен бас тарттым. Мен ұлымды ақша үшін пайдаланғым келмейді", - деді жас ана.
Атышулы блогер күнделікті жағымды, жағымсыз пікір жиі жазылатынын айтты. Жаман пікірлерге еті үйренген. Дегенмен әр сөзді жанына жақын қабылдайды екен.
"Мен көшеде жасырынып жүруге тырысамын. Көлігіме рұқсатсыз мініп алғандар болды, үйіме келіп есікті тарсылдата қаққандар болды. Мені танитын небір жігіттер басынғысы келеді. Мен "үйіме келетін болсаңдар, атып тастаймын" деп пост жазғанмын. Өзімнің қауіпсіздігім үшін қазір күзетпен жүремін. Бұл менің жақындарымның талабы. Жұлдыз болғаннан, не ақшам тасып жатқаннан емес, өзімді қорғау үшін осылай істеуге мәжбүрмін", - деді ол.

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
