Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дірілдеп отырмын: Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Жаңа пәтерге көшкен атышулы ару көршілерінің өзін балағаттап, күн көрсетпей жатқанын айтты. Көшіп барғалы ешкімнің көзіне түспеген ол енді көршілері әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде өзіне қысым көрсетіп, жазба қалдырғанын айтты.

"Достар, дірілдеп отырмын. Мен Орбитадан жаңа пәтерге көшкенімді айтқан болатынмын. Бұл жерде есі дұрыс адамдар тұрады деп ойлағанмын. Келгелі көршілерімді көрген емеспін. Үйден шығып көлігімі мінеп кетемін. Аулада жүріп те көрмеппін. Көпшіліктің көзіне көрінбеуге тырысамын. Анам да тек жанымыздағы көршімен ғана араласады. Тұрғын үй кешенінің ватсапта жеке тобы бар", - дейді Айжан Байзақова.

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз, үйіне кіргізбейміз деп қорқытқан. Алайда ол бұл сөздердің ешбіріне құлақ аспайтынын айтып, ешкімнің менде шатағы болмасын деп ашулынады. Жеке өмірінің қызу талқыланғанын айтқан Айжан Байзақова адамдарға қызғаныштың жаман сезім екенін түсіндірді.

"Бүгін сол жерде менің жеке өмірім туралы қызу талқыланып жатыр екен. "Ақ камри тұраққа жұрыс қойылмапты, ол Байзақованың көлігі екен" деп бастап, "Бұл көлікті тұрғын үй аумағына кіргізбейміз, көлігіне жұмыртқа атып кету керек, ұлын кімнен туғаны белгісіз" деген сөздер жазылған. Біріншіден, бұл менің көлігім болса да, оның жеке өміріме қандай қатысы бар? Кеше ғана анама қазақтардың жақсы екенін, мейірімді екенін айтып, оларды сағына бастағанымды жеткізген едім", - дейді Айжан Байзақова.

Талқылау