Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айтуға ауыз бармайды": Наркенже Серікбаева күйеуінің қайғысын қалай жеңгенін айтып берді

Қазақ дәстүрлі ән өнерін жалғастырып жүрген Наркенже Серікбаева жолдасынан айырылып қайғы жамылған еді. Көп көзіне көрінбей кеткен әнші, қайғысын еңсеріп жаңа ән жаздырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің жары жүрек талмасынан о дүниелік болған еді.

“Құрметті менің тыңдармандарым. Сіздерден келген толассыз хаттарды көріп отырмын. Аллаға сансыз шүкір арқа сүйер елім барда мен бармын, сіздердің дұға тілектеріңізбен өзімді тіктеп келе жатырмын. “Өмір бар жерде өлім бар” деген дана бабаларымыз. Жолдасымнан айырылған сәтімді айтып жеткізе алмаймын. Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады ғой. Алла басыма сондай сынақ берді. Менің қайғыма ортақтасып қайғымды сейілткендеріңізге көп рахмет! Жақында ағаларымның “Тағдыр” атты әнін алдым, осы әнімді сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Бақыт Беделқан айтқандай:
Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем,
Есейе келе шығып кетіпті есімнен.
Жаным шырылдап, тәнім тұншығып жатқанда
Есіме қайта сен салып едің, есіл-дем!
Деп өзімді әнмен жұбаттым.
Кезінде Кенен атамыз Базар мен Назардан айрылып үйінен шықпай жатып қалғанда, Оспанқұл келіп өлеңдетіп орнынан тұрғызғанын білеміз ғой, сол секілді менде осы әнімен сөзі келіскен әнді орындадым”, – деп жазды әнші жеке парақшасына. 

Желі оқырмандарының айтуынша, Наркенженің бір бейнебаянында жігіт қайтыс болады екен. “Сол сәт өмірінде қайталанды. Ән тағдырға айналды” деп жазып жатыр. Әншінің өмірін жиі бақылайтын оқырмандары үнемі қара орамал тағатынын да тілге тиек етіп, ырымға жаман”, – деп ескертті.  

Талқылау