Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек желідегі ең танымал жұлдыздар қатарына қосылды

Бұл қыздың жүрісі де, тұрысы да көпшілікке ұнамайды. Алайда ең қызығы да сол, жағымсыз пікірді көп айтушылар Айсәуленің өмірінде болып жатқан соңғы жаңалықтарды қызыға қарайды. Нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы әрбір 18-ші адам Есентаеваның тұңғышын бақылап отыр.

19051806_205678599955022_4080663301401346048_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Түсінбей қалдыңыздар ма? Айтқымыз келгені, Айсәуле Бақытбектің желідегі миллионер жұлдыздардың қатарына қосылуы. Жуырда оның Instagram-дағы оқырмандар саны бір миллионға жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда желідегі оқырмандар саны бойынша Айсәуленің анасы Баян Есентаева (2,6 миллион оқырман) көш бастап тұр. Оның ізінен іле-шала сіңлісі Аша Матай (2,3 миллион) еріп келеді. 2 миллионға жеткендердің қатарында Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан бар. Ал Димаш, Төреғали, Мейрамбек Бесбаев, Бүркіт пен Айша, Жанболат пен Жазира сынды өзге танымалдар әзірге бір миллионның үстінде. Айта кету керек, Singer жобасына дейін Димаш Құдайбергеннің желідегі оқырмандар саны небәрі 200 мыңнан әрең асып жығылатын.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Қазағымның Баяны аман болсын

Желіде Димаштың белгісіз арумен аймаласқан видеосы пайда болды (видео)

Қайрат Нұртас алғаш рет жұрт алдына неке жүзігін тағып шықты (фото, видео)

Баян Мақсатқызы: Шаршадым. Мен де пендемін ғой

Талқылау