Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Қазағымның Баяны аман болсын

Баян Мақсатқызының жеке өмірі жалпақ жұртқа жария болғалы бері қоғам екіге бөлінген. Адамдардың бір тобы танымал продюсерді соққыға жыққан бұрынғы күйеуін айыптаса, ендігілер Бақытбек Есентаевтың жақтасына айналған. Ал Баян Мақсатқызы болса ел алдында ақталудан әбден шаршағанын жасырмайды.

тусіпбаева и баян 010717

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын танымал продюсердің Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбаты телеарнадан көрсетілді. Онда Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста болғанын ашып айтты. Сондай-ақ, Бақытбек Есентаевтың бойынан нағыз ер азаматқа тән қасиеттерді көргенін жасырмады.

Продюсердің бұл сұхбаты қазірдің өзінде желіде қызу талқылануда. Ал танымал өнер адамдарынан Меруерт Түсіпбаева алғашқылардың бірі болып ол туралы пікірін айтты.

Адуынды мінезімен ерекшеленетін әнші Баян Мақсатқызын қолдайтынын жеткізді.

“Құрметтеймін, не деген ашық сұхбат. Қазағымның Баяны аман болсын”, – деп жазды ол.

тусіпбаеванын пікірі 0107

Өз кезегінде желі оқырмандары жеке өмірі туралы айта беретін продюсерден шаршағандарын жеткізді.

“Біле білсеңіз, оның ашықтығы бізді мезі қылды. Жеке өмірі жеке болып қалу керек. Екі бірдей отбасын ойрандағанын айтып, оның махаббаттан екенін айта берудің қажеті жоқ”, – деп жазды Раука есімді желі қолданушысы.

Жіберіп алмаңыз:

Қызды болған Қарақат 40 күннен соң тойға шығып кетті (видео)

Желіде Димаштың белгісіз арумен аймаласқан видеосы пайда болды (видео)

Баян Мақсатқызы: Шаршадым. Мен де пендемін ғой

Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның тарихын көрсететін фототүсірілім жасады (фото)

 

 

Талқылау