Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Байзақова сіздердің балаларыңызды тәрбиелемейді, ал Төреғалиді даттай беру “колхоздың” ісі! Айсәуле Бақытбек елде болып жатқан соңғы оқиғаларға қатысты пікірін білдірді. Ол атышулы Байзақова мен Төреғалиді жаппай сынап жатқандарды түсінбейтінін айтты. Айсәуленің пікірінше, елде Төреғали мен Байзақовадан маңызды дүниелер жетерлік, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Байзақова тұтқындалды, Төреғали ішіп алып, қарияны қуып шықты. Дұрыс қой, бірақ меніңше біздің елімізде 50 мың теңге үшін шешінген қыздар мен тыңдарманын сыйламайтын әншіден де маңызды жаңалықтар жетерлік. Әлде жоқ па? Осындай нәрселерді сөз етсек, демек бақытты халық екенбіз. Байзақова сіздердің балаларыңызға ана ма, әке ме? Балаларыңызды дұрыстап тәрбиелесеңіздер, дұрыс адам болып өседі. Онда Байзақованы елдегі бар қылмыс үшін айыптайық, мүмкін жемқорлардың орнына отырып шығар?” – деп бастады сөзін Айсәуле.

Бойжеткеннің айтуынша, қазақ эстрадасындағы бикештердің дені Байзақовадан кем түспейді. Тек олар барлығын жасырын түрде жасайды.

“Мен оның әрекеттерінің жақтаушысы емеспін, бірақ әркімнің өз басы бар емес пе? Ол қыз танылып, ақша жасап жүр, былай қарасаңыз өзге алматылық “шағалалардан”, тіпті эстрада жұлдыздарынан айырмашылығы жоқ. Тек бізде барлығы жасырын түрде жасайды. Тіпті қайсысы жаман екенін білмеймін. Бұрышқа тығылмай, кез келген жағдайда өз болмысында қалатын адамға шабуыл жасағандарыңыз ба әлде сіздерді алдап жүрген адамдарды қолпаштап жүргендеріңіз бе?

Меніңше, екіжүзді болып елдің бетіне күліп қарағаннан гөрі, темекі шегіп, ішіп, балағаттап, көңіл күй жоқ кезде ұрысқан дұрыс. Адамдардың бар болмысын кешіре біліп, әрі қарай өмір сүре беріңіздер. Біреудің қызы үшін 150 долларға шешіне салу қалыпты нәрсе, не істейміз енді… Бұл соншалықты таңғалатын нәрсе ме жалпы? Біреудің жалаңаш денесінде кімнің қандай шаруасы бар? Тіпті ол Байзақова емес, кім екені де түсініксіз”, – деп жалғады сөзін Айсәуле.

“Әнші көрерменімен ұрысып қалыпты, әндерін радиодан алып тастапты, қылығы үшін кешірім сұрады, әрі қарай несіне тіміскілей береміз? Нәтиже шығарып, әрі қарай жүре беріңіздер. Түймедейді түйедей етудің не қажеті бар? Осы үшін оған өлең арнау, не деген колхоз…

Жалпы 50 мың теңге деген қызық сомма… Біреу бұл ақша үшін шешінуге, ал енді біреу бір ай бойы жұмыс істеуге дайын. Үшіншісі, тіпті, бұл сомманы бір рет түстенгенге жұмсайды. Халықтың махаббаты да қызық дүние. Біреу өмір бойы еңбектенсе де еленбейді, ал екіншісі қадірін білмесе де, толқында қала береді. Бұл – өмір, адамдар әртүрлі, олардың өмір жолы да, тағдыры да әртүрлі. Бәріміз де қателесеміз, ақымақтық жасапты, бірақ енді соған бола бүкіл ел болып екеуін жерден алып, жерге сала береміз бе?” – деп түйіндеді сөзін Айсәуле.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген қос бірдей марапатқа ие болды

Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады

Төреғалидың жағдайына байланысты Нұрқаділовтің қазасын мысал еткен Жүнісова ұятқа қалды

 

Талқылау