Баян Алагөзова әже атанбақ
Продюсердің тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек жүкті екенін жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Instagram
Тұрмысқа шыққан күннен бастап "Қашан бала көтересің?" деген сауал Айсәуленің алдынан кесе-көлденең шыға берді. Осы уақытқа дейін Айсәуле мұндай сұрақ қою дұрыс емес екенін, жеке шекарадан аттауға болмайтынын ескертіп келді.
Әйткенмен, Instagram оқырмандары Айсәуленің әр постына бала туралы жаза берді. Оқырмандар көптен күткен күн келіп жетті. Бақытбекқызы жақында сәбилі болатынын жариялады.
- Айсәуле Бақытбек: Кір киімдерімді жуып, үтіктей алмағандықтан, жаңасын сатып алатынмын
- Баян Алагөзова: Мен үшін бақытты күн болды, жарылысқа менің не қатысым бар?
"Неткен жаңалық", "Мұнда көпшілік тынышталатын болды", "Құттықтаймыз", "Одан әрі сұлулана түсіпсіз", "Бүкіл ел және Айстың оқырмандары күткен жаңалық. Құттықтаймыз", – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Айсәуленің жары Әлішер Хайдаров – кәсіпкер. Екеуі 2018 жылы отбасын құрған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі