Айсәуле Бақытбек: Кір киімдерімді жуып, үтіктей алмағандықтан, жаңасын сатып алатынмын
Айсәуле Бақытбек брендті киімдерге, қымбат әшекейге көзқарасы жайлы айтты. Ол өзі ақша тапқанға дейін тек брендті киім киіп, бағалы тастардан жасалған әшекей таққанын, ал ақшаның қадірін өзі еңбек етіп бастағаннан кейін түсінгенін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"Өз қажетіме өзім ақша тауып бастаған сәтте: "Мама, мен мұны кимеймін, сөмке мен аяқ киім тек қана брендтен, ал әшекей тек бағалы тастардан болуы керек" деп айтуды қойдым. Анаң мен әкең лимитсіз карта бергенде ақылды, сәнқой болған оңай екен ғой. Мен сендерді жақсы көремін. Ол кездегі әрекетім үшін ұяламын", – деп жазды Бақытбекқызы.
"Тереза ана сияқты бәріне көмектеседі": Айсәуле Бақытбек анасының ел білмейтін қырын ашты
Иә, бүгінде Айсәуле өзгерген. Тұрмыс құрып, ересек адамға айналған бикеш бұрынғы әрекеттерін ұяла еске алады. Баян Алагөзованың қызы шетелде жүргенде де талай қызыққа тап болған. Мәселен:
"Шетелде тұрғанда өз киімдерімді жуа да, үтіктей де алмағандықтан, жаңа киімдер сатып алатын едім. Ақылға қонымсыз сияқты, бірақ Айсәуле аспанда қалықтап жүргенді жақсы көретін", – деп бөлісті ол.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып