Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева жас жігіттерге тұрмысқа шыққан шоу-бизнес өкілдеріне қатысты пікір білдірді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жасы кіші жігіттерді өмірлік серік еткен отандық шоу-бизнестегі қыз-келіншектер туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Ерке Есмахан, Шахизада, Кәмшат Жолдыбаева сынды өнер жұлдыздары жас жігіттерге тұрмысқа шығып жатыр. Қандай баға бересіз?” деген сұрағына ақын: “Мен біреу түгілі, өзіме баға бере алмаймын. Қазақта” Құдай қосқан қосағым” деген керемет сөз бар. Алла қосып тұрған адамға барып: “Сен неге бұлай жүрсің?” деп айта алмаймын. Мен үшін екі адамның жасы, әлеуметтік жағдайы, атақ-абыройы маңызды емес. Жасым 45-ке келіп түсінгенім, адам қанашылқты дұрыс отбасы бола алатынын ойлау керек. Үлгілі, жақсы отбасы болса, неге қолдамасқа? Еркеден 12 жас кіші Райымды ел жерден алып, жерге салып жатыр. Бірақ бұл адамзат тарихындағы алғашқы оқиға емес қой. Пайғамбарымыз өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызды алды. Сонда оны “даналық, көрегенділік” дейміз де,  Райымға келгенде “ұятсыз” дейміз. Олай болмайды ғой. Бұл –  мұсылмандықта бар дүние” , – деп жауап берді.

Талқылау