Айнұр Ілиясова бір жастан асқан қызының тұсауын кестірді
Отандық актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова үшінші қызы Латифаның тұсаукесерін дүркіретіп өткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ainur_ilyasova
Бұл туралы өнер жұлдызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Латифа 1 жас 2 айға толған кезде тұсауын кестік. Солай болып қалды ендi. Тұсауын қайын апайыма кестірейік деп барлығын көндірдім.
Барлығы жақсы өткен сияқты. Құттықтауларыңызды оқып жатырмын. Әумин, сіздерге рахмет! Бірге болсын, жұғысты болсын”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары да Айнұрды қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
“Балапанның маңдайына құт дарысын”, “Құттықтаймыз! Көп жасасын”, “Құлыншақтың қадамы құтты болсын”, “Бақытты балалық шақ тілеймін”, – деп желідегілер ақжарма тілегін арнады.
Айта кетейік, актриса бүгінде Дария, Рәбия, Латифа есімді үші қыздың анасы.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"