Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов: Мектептерде мұғалім жетіспейді

Жыл сайын педагогика мамандығы бойынша 40 мың адам оқу бітіргенімен, мектептерде 5 мың мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “Ашық алаң” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жас мұғалімдер

“Бүгінгі күні мектептерге 5 мың мұғалім жетпейді. Ал педагогикалық мамандықтар бойынша университеттерде 145 мың адам оқып жатыр. Жыл сайын 40 мың адам оқу бітіреді. Бірақ олар мектепке барғысы келмейді. Екіншіден, ынта жоқ”, - деді министр.

Бұған қоса шешенуні директорлардың мәселесі өте қиын екендігін айтып кетті. 

“Солтүстік пен орталық өңірлерде директор тапшы, өйткені оларға жай мұғалім болып жұмыс істеген ыңғайлы. Директор болса, қағазы да, жауапкершілігі де көп. Директордың айлығы мұғалімнің айлығынан төмен”,- деді министр.

Оның айтуынша, енді олардың да жалақысы екі есе өсетін болады сонымен қатар директорлар да да категорияға бөлінеді.

“Жақсы директор өз жалақысын екі есе алатын болады”, - деді министр.

Мектеп директорының сөзінше, мұғалімдердің орташа жалақысы 150-160 мың теңгені құрайды екен.

“Мұғалімдердің жалақысы көтерілгенге дейін орташа жалақы 110-120 мың теңге болған. Қаңтар айында жалақы көтерілгеннен кейін 150-160 мың теңгені құрады”, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы 54 мектеп- лицей директоры Шәкәрім Сейсенбай.

Мектеп директорының айтуынша, мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап 25 пайызға өскен.

“Бұл мұғалімдердің көңіл-күйіне оң әсер етті”, - деп қосты ол.

Бұған дейін білім министрі ұстаздарды қызметтен тыс жұмысқа тартқан адамдарға тағайындалатын жаза туралы айтып кеткен еді. 

Талқылау