«Айлығымды тартып алды»: Павлодарда күйеуі әйелінің үстінен шағым түсіру үшін полицияға хабарласқан
Павлодарда ер адам айлығын алып үйіне келген соң оны әйеліне бергісі келмеген. Алайда ақша жұбайының қолына түскенін білген азамат оның үстінен шағымданып полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz парақшасына сілтеме жасап.

Полицейлер оқиға орнына барып, қандай жағдай болғанын анықтаған. Күйеуі әйелінен жасырса да ақша жұбайының қолына түсіп, қайта өзіне қайтара алмай қойған.
"Күйеуі тапқан-таянғанын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған, ал әйелі бұл қаражатты отбасына бір нәрсе сатып алуды шешкен", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері ешкімді ұстамай, профилактикалық әңгіме жүргізіп, дауды басуға тырысқан. Олар кеткенше жұбайлар арасындағы жанжал басылған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"