Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын атақты Бейонсенің хатқа жауап жазбағанына өкпелі (фото)

Әнші Айқын Төлепберген американдық әнші Бейонсеге бірнеше мәрте хат жазған. Оның желідегі суреттеріне “лайк” басып, тіпті, бірнеше рет пікір қалдырған.

э

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тек американдық поп-жұлдыз біздің Айқынды менсінбеген көрінеді. Ол Айқынның жүрекжарды хаттарын жауапсыз қалдырған.

Айқын да үнсіз қалмады.

“Осы Бейонсе өзінше, қанша пікір қалдырдым, жауап жазбайды ешқашан”, – деген әнші желідегі оқырмандарын күлкіге қарық қылды.

Кейбіреулер тек шетелдік емес, қазақстандық жұлдыздардың да жауап жазбайтынын айтып, Айқынның өзіне тап берді. Ендігілер Айқынға шетелдік әріптестерімен тілдесу үшін ағылшын тілін жетік меңгеруге кеңес берді.

“Біз мұнда сізден жауап ала алмай жүрсек, сіз де жауап ала алмайтын адамдар бар екен ғой”, “Өзіңіз де жазбайсыз ғой”, “Саған тартқан да жазбаса”, “Сіз қазақша жазып жүрген шығарсыз, ағылшынша жазыңыз”, “Бір күні болмаса бір күні жауап қайтарар, үмітіңізді үзбеңіз”, “Айқын да сондай өзінше”, “Өзіңіз де сондайсыз ғой”, – дейді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Қымбат көлікті талқандаған Сиви оғаш әрекетке баруының себебін түсіндірді

Асхат Садырбай ауырған кезінде өзін тастап кеткен достары жайлы айтты

Димаш финалда кіммен дуэт орындайды?

Ренат Жүнісова мен Оразыметованы не себепті ұрыстырып қойғанын түсіндірді (видео)

Талқылау