Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 күннен кейін келген айыппұлдарды да төлеу керек – Алматы полициясы

Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелеріне байланысты айыппұлдарды қалай дұрыс төлеу керек екенін түсіндірді. Ведомство азаматтарды желідегі жалған ақпараттан қорғануға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com 

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережесін бұзғандарға айыппұлды қалай төлеу керек екені туралы жалған кеңестер таралып жатыр. 

“Еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі екі айды құрайды. Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты тіркеу жүйелерімен тіркелсе, іс айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген сәттен бастап қозғалған болып есептеледі. Құқық бұзушылық туралы SMS-хабарлама айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама рәсімделгеннен кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жіберіледі”, – деді делінген хабарлама.



Полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабының нормаларына сәйкес, азамат айыппұл төлеу қажеттігі туралы тиісті хабарланған сәттен бастап жеті күнде көрсетілген соманың елу пайызын төлеуге құқылы екенін ескертті.

“Әкімшілік айыппұлдың мөлшері іс қозғалған кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткішке сәйкес келеді. Белгіленген үлгідегі түбіртекпен айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 тәулікте иесіне жіберіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды”, – делінген хабарламада. 

Талқылау