Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Мүкей: Кеше аза тұтқанымызбен, бүгін түк болмағандай қайтадан жалғасып кетті

Айгүл Мүкей Алматыдағы жан қилы жайтқа қатысты ойын айтты. Тележүргізуші қаза тапқандарды еске ала отыра, аза тұту күнінің тез аяқталғанына қынжылды. 

Айгүл Мүкей: Мен мектепте ешқашан үздік оқымадым

“10 қаңтар – ұлымның есінде қалуы да, қалмауы да мүмкін бір күндік аза тұту күні. Біз Алматыдан алыс тұрамыз. Біз сұмдықтың бәрін көрмедік және қалай болғанын, қайтыс болған жас сарбаздар туралы қалай айтсам да, ол елде не болғанын түсінбеді. “Басын кесіп тастағаны қалай?” деп сұрады.

Кеше барлық радиостанцияда аза тұту күні болды. Олар жүргізушісіз баяғы бір музыканы берді. Бірақ бүгін ештеңе болмағандай бәрі жалғасты”, – деп жазды. 

Тележүргізушінің айтуынша, бір күндік аза тұту ешкімнің есінде қалмайды. Тіпті марқұмдардың кімдер екені де белгісіз. Балалар батырлардың ерлігін білу үшін құлағына құя білу керек дейді Айгүл Мүкей.



“Көшеде қаза тапқан жігіттерді еске алып, ұлдарымыз бен ағаларымызды еске алу үшін (олардың жүздегені бар) бұл қаралы күнді бірнеше күнге жариялауға болар еді. Соның ішінде бұл күндер халықтың және біздің балаларымыздың есінде қалу үшін керек. Есте қалу және ең бастысы – батырларды еске алу.

Дегенмен біз марқұмдардың есімін БАҚ-тан да, интернеттен де көрмедік. Мүмкін, барлығы тізімде жоқ шығар. Тым болмағанда есімдері белгілі азаматтарды жариялағанда, дұға бағыштар едік”, – деді Айгүл ханым. 

Желідегі оқырманы тілектестік білдіріп, өз ойын ортаға салды. 

“Жантүршігерлік трагедия! Бейбіт заманда қаншама құрбан болды. Бірдеңені қанша жасырғысы келсе де, уақыт бәрін өз орнына қойып, дұрыс бағасын береді. Бұл әрқашан осылай болды!”, “Мен де солай ойлаймын, мен де астанада тұрамын, бірақ менің жүрегім Алматымен бірге. Ал қаза тапқан бейбіт тұрғындар туралы неге ақпарат жоқ?”, “Талай адам дәріханаға кетіп те қайтып оралмады, біреу жұмыстан келмеді және барлығы жас жігіттер. Алла барша аналарға ұлдарын көруді нәсіп етсін. Мен де сізбен келісемін. Қазір бәрі ештеңе болмағандай жалғасып кетті”, – деді олар. 

Талқылау