Айгүл Мүкей: Мен қазақтың ырым-тыйымдарына сенетін болдым

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей қазақтың ырым-тыйымдарына сенетін болған. Жақында үш баланың анасы атанған журналист бірнеше рет көзі жеткен соң ырымдарды ұстанатынын айтты. 


"Мен халықтың ырым-тыйымдарына сенетін болдым. Әжеміз бен апаларымыздың айтқанын ұстанатын болдым. Менің асқазаным көп қыжылдады, ақырында бұйра шашты балам өмірге келді. 

Қазір ұлым Сұлтан-Әлі күн мен түнді ауыстырып алды. Күтушісі киімдерін теріс кигізу керек деді. Мен оған сенемін. 

Ұл баланы 40 күн толмай қырқынан шығарады дейді. Сонда қалыңдығының қалың малы аз болады дейді. Оған да сенемін. Ал сіз қазақтың ырымдарына сенесіз бе?", - деп жазды тележүргізуші. 



"Қалжаға сойған қойдың мойынын сақтап қою керек. Сынып қалмасын. Баланың мойны қатпайды дейді", "Қырқынан шыққан соң бәрі орнына келеді", "Балапанның бауы берік болсын. Ұл баланы қырық күнге толмай қырқынан шығарсың қалың мал аз төлейсің деген бос әңгіме. Бала міндетті түрде қырық күнге толу керек. Себебі қырық күнде адамның еті сүйегіне бекиді. Менің айтарым осы", "Байлам тағып, сорпа ішіп терлеу керекті айтсаңызшы", - деп жазды желідегі оқырмандар. 

Айта кетейік, тележүргізуші 6 сәуір күні үшінші рет ана атанып, ұлды болды. Журналисті әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Үшінші рет ана атанған тележүргізуші Айгүл Мүкейді әріптестері мен Ләйлә Сұлтанқызы перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр