Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Анам жалғыз қала ма деп қорқам, тұрмысқа шыққанын қалаймын

Сәбит Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы Асылжан анасының тағдырына алаңдалы. Әкемнің қасында адамы бар, енді анам жалғыз қалмаса екен дейді ол. 

Бұл туралы "Опмай, опмай" бағдарламасында айтылды. 

Асылжан жақында інілі болғанын хабарлап, халықтан сүйінші сұрады. Бұл әрекетін өзі түсіндіріп берді.

"Маған бұл туралы анам айтты. Сосын әкеме хабарласып құттықтадым. Әкем атын өзім қойдым деді. Әкем үшін қуаныштымын. Ертесі күні желіде өзім хабарладым. Себебі журналистер бәрібір жаңалықты тауып алады. Сондықтан біреудің аузынан қауесет секілді естігенше, менен естісін деп өзім жарияладым. Әкем үшін қуаныштымын. Себебі мен үйленсем де, анамның қасымда боламын. Анам мен әкемді қоса алмайтыным түсінікті. Қыздары жат жұрттық. Тұрмысқа шығып кетеді. Сондықтан ұл бала болған соң ерекше қуандым. Енді анам үшін алаңдап жүрмін. Анам жалғыз қалмаса екен деп уайымдаймын. Қазір білінбегенімен кейін жанға батады. Анамның тұрмысқа шыққанына еш қарсылығым жоқ. Егер адамы болса, бірге болғанын қалар едім", - деді Асылжан. 

Асылжан інісін өз баласындай қабылдайды. Себебі арасы 21 жас. Ал, әкесі мен кенже баласының жас айырмашылығы едәуір үлкен.

"Хақназар 20 жасқа толғанда әкем шал болып қалады. Менің өзім 40-тан асамын. Сондықтан менімен ақылдасып өседі деп ойлаймын. Менің өзім ініме әке сияқты болармын деп ойлаймын. Інім емес, балам өмірге келген секілді болып жүрмін", - деді ағынан жарыла. 


“Әкемнің қасында бір адам болу керек”: Айгүл Иманбаеваның ұлы ашық сұхбат берді


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр