Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды 

Қазақ эстрадасының жұлдыздары қарапайым тұрмыс пен тіршіліктен алыс екенін жасырмайды. Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева "Ел аузында" бағдарламасының тілшілеріне берген сұхбатында тамақ әзірлемегеніне, үй шаруасымен айналыспағанына 22 жыл толғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі етті анасы үйреткендей мықты асатынын және енесі секілді палауды өте жақсы пісіретінін айтты. Алайда, қазіргі уақытта актриса үшін тамақ әзірлеу үлкен күрделілік туғызады екен. 

"Кухняға кірмегеніме, үй жинамағаныма, тамақ істемегеніме тура жиырма екі жыл болды. Сондықтан кухняға қатысты бағдарламаларға шақырғанда мен бармаймын. Өйткені, икемім жоқ. Істесем бір кісідей істеймін, дайындаймын тамақты. Бірақ ол үшін психологиялық тұрғыда дайындық керек. Одан кейін оған көңіл бөлу үшін күн алу керек маған",- деді Иманбаева. 

Оның өмірдегі әріптесі Меруерт Түсіпбаева тамақты мүлдем дайындамайтынын, көбінесе кешкі асты мейрамханадан ішетінін мәлімдеді. 

"Ешқашан тамақ әзірлемеймін. Мен қазір жалғыз тұрамын. Концерт, мерекелік шаралар біткен соң, мейрамханаға барып асымды ішемін", - деді ол. Сонымен қатар, әнші түсірілім кезінде, концерт болар сәтте сымбатты әрі көрікті болып жүру үшін тамақ ішпейтінін айтты. 

"Арнау" тобының экс-солисі Салтанат Бақаева шығармашылығы мен келіннің қызметін, аяулы ананың міндетін қатар алып жүрген жандардың бірі. Әйтсе де, ол да жұмысбасты адам болғандықтан кей кездері үй шаруасы қалып қоятынын ашып айтты. 

"Лағман тағамын жақсы әзірлеймін. Өзімнің бір-екі жақсы жасайтын тағамдарым бар. (...) Шынымды айтсам, съемкадан кейін тамақ әзірлеймін деп айта алмаймын",- деді әнші. 

Тағы оқыңыз: "1992 жылы алдық": Тәуелсіздікті білмей ұятқа қалған жұлдыздар кімдер >>>
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның қай аймағында ауа ластануы басым екенін экология министрлігі айтты

Павлодар облысы ауа ластауда алдыңғы қатарға шықты

"Какой у тебя род? Кто твои родственники?". Какие вопросы задают казахи на первом свидании

Павлодарда жолаушы қызды зорлаған көлік жүргізушісі сотталды

Үш жарым жыл жаза кесіп, жәбірленген қызға миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. 

Қытай Қазақстанға өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялауға рұқсат бермеді

Қазақстан Қытайға өз азаматтарын еліне қайтару мүмкіндігін сұрап хат жолдаған болатын.

Алматыда депутатты тонап кетті: Серік Күдебаев полицейдің әрекеті үшін кешірім сұрады

Қазір қылмыс орны бақыланып жатыр

140 мың теңге үшін: Ақтөбе күйеуі әйелін өлтірген қылмыскерлерді өмір бойына сотталуды қалайды

Әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

18 санмен сары түспен көрсетіледі

"Мен сені сүйемін": Бүркіт Аишаны туған күнімен құттықтады

Әнші желіде жүрекжарды жазбасын арнады

Анасы жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуып тастады

Әйелдің күйеуі полицияға жүгінді

Доллар қайта қымбаттай бастады

Жұмадан бері доллар 1,62 теңгеге қымбаттады
Çàãðóçêà...