Айгүл Елшібаева: Қазақ эстрадасында жезөкше қыздар бар
"Қазақ эстрадасында жеңіл жүрісті қыздар бар!" Дәстүрлі әнші-жыршы Айгүл Елшібаева осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өзінің талантына сенбейтін, тек елдің көзіне жылтырап көрінгісі келетін қыздар осы жолды таңдайды. Бұл туралы Елшібаева журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздардан мұндай қылық шықпайды. Оның себебін Елшібаева былай деп түсіндірді:
"Мен дәстүрлі әншімін, қазақтың домбырасымен шыққан адаммын. Ал домбырада не жатыр?
Оның ішінде бүкіл дәстүр, салт, діни таным, түсінік жатыр. Ал соны бойына сіңіріп өскен адам ондай жолмен жүреді деп айта алмаймын. Ал бірақ басқа жанрларда бар. Себебі оның айтатын өлеңінің өзі "нәпсани". Сосын нәпсіқұмар адамдар соған жүгіреді".
Айта кетейік, бұған дейін белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі “қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше” деп айыптаған болатын.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады