Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айға белгісіз зымыран соғылды: Ұшу аппаратының қай елге тиесілі екенін ешкім мойындамай отыр

4 наурызда NASA 2015 жылдан бері бақылап келген зымыран Айға соғылды. Әзірге ұшу аппаратының қай елдікі екені белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап. 

ай

Болжам бойынша, зымыран 2014 жылғы Қытай Ай миссиясымен байланысты болуы мүмкін. Алайда Қытай зымыранның "Жер атмосферасына сәтті кіріп, жанып кеткенін" мәлімдеген. 

Ғарыштағы нысандарды бақылауға арналған бағдарламаны жасап шыққан строном Билл Грей зымыранның траекториясын бірінші болып байқаған. Бастапқыда ол АҚШ-тың ғарыштағы климаттық обсерваториясын ұшырған SpaceX Falcon немесе DSCOVR ғарыш зымыранының бір бөлігіне ұқсастырған. Бірақ кейін өзінің қателескенін мәлімдеген. 

Астрономның сөзінше, нысан – қытайлық "Чанчжэн-3С" зымыранының үшінші бөлігі. Сонымен қатар ол Қытай зымыран ұшырғанын хабарлап, мұны теледидар арқылы көрсеткенімен, зымыранның бағытын жарияламайтынын қосып өтті. 

Зымыран Айға соғылған соң 18 және 16 метр болатын екі кратер пайда болған. Олар бірге шамамен 28 метр болатын шұңғыма түзеді. 

"Бұл зымыранның шеті ауыр болғанын көрсетеді. Әдетте, бос зымыранның салмағы тек қозғалтқышында болады, ал өзге орында тек бос жанармай багы орналасады", - делінген NASA хабарламасында. 

Талқылау