Әйелін ұрған қазақстандық дипломатқа қатысты "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Дипломатқа қатысты бұлтартпау шарасы сараптама аяқталғаннан кейін ғана санкциялануы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха қазақстандық дипломат Сәкен Мамашқа қатысты "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Біз істі азаптау фактісі бойынша қозғадық. Оның қазір қайда екенін нақты айта алмаймын. Материалдар сараптамаға жіберілді, соның нәтижесі бойынша әрі қарай шешім қабылданады. Жауап алу, тергеу жүргізу қажет", – деді Игорь Лепёха.
Вице-министрдің айтуынша, дипломатқа қатысты бұлтартпау шарасы сараптама аяқталғаннан кейін ғана санкцияланады.
Сәкен Мамаш ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы "Азаптау" бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды.
9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.
Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұрады.