Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелін өлтіріп қоймасын": Сотта Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхана қызметкерлерінің хат-хабарламалары оқылды

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Салтанат Нүкенованың қазасы болған BAU ресторанының қызметкері куәгер ретінде келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тікелей эфирден скриншот

Сотта куәгер Данияр Мейірбековтің BAU ресторанының әкімшісі Қарлығашпен Whatsapp желісіндегі хат-хабарламасы оқылды. Хат-хабарға қарасақ, олар Салтанатты Бишімбаев ұрып жатқанын сезген болуы мүмкін.

Мейірбеков: Директор қайтып келді, вип бөлмеде отыр

Мейірбеков: Қабырғаны бояп үлгермедім, Қуандық отыр

Мейірбеков: Ол вип бөлмені төңкеріп тастады, әйелі тірі шығар, өлтіріп қоймасын әйтеуір

Мейірбеков: Маска-шоуын ұйымдастырды, пиджагын жалаңаш денесіне киіп алыпты

Қарлығаш: Түсінбедім, олар әлі сонда ма?

Мейірбеков: Біз кетіп бара жатқанда ол әйелін ұрып жатты немесе мүлікті бүлдірді

Қарлығаш: Дұрыс болыпты кеткендерің, ол ішкен жоқ па?

Мейірбеков: өте мас, әйелімен отырды ғой

Қарлығаш: Мезі етті ғой әбден

Мейірбеков: Шыны есікті сындырды

Қарлығаш: Күзетшілер болмады ма не?

Мейірбеков: Ас бөлмесін де қиратты

Қарлығаш: Құрысыншы, соның кесірінен енді менің есебім жетпей қалады

Мейірбеков: Камера бар ғой

Қарлығаш: Құрысын, бәрін соған ысыра салармын, одан да ұйықтайын.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов – қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.

Талқылау