Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін 40 жерден пышақтаған Қостанай тұрғынына сот үкім шығарды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жұбайын қырық жерден пышақтаған Қостанай қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы сауда үйінде екі жасөспірім күзетшіні пышақтап кетті

Қайғылы оқиға 2019 жылғы 4 тамызда Қостанай ауданының Заречный ауылында болған. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйеліне қырық жерден пышақ салған. Бұған жұбайының ажырасқысы келгені себеп болған.

"Жұбайының мойын мен кеуде қуысына көптеген (40 шақты) пышақ жарақатын салады, ол оқиға орнында көз жұмды. Бұдан әрі сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін өзінің мойны мен кеудесін және білек аймағын пышақпен кескен. Бұл әрекетін жанжал кезінде өзін-өзі қорғағанын дәлелдеу үшін жасағаны белгілі болды. Сотталушының қасақана кісі өлтірудегі кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді", - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Ерлі-зайыптылардың үш баласы қалды. Олардың қамқоршысы болып марқұмның үлкен әпкесі бекітілген.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы (қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру) 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Жасалған қылмыстың ауырлығын байланысты айыпталушы сот шешімімен 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Сотталған ер адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деді сотта.

Талқылау