Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әйелдің өз-өзін қанағаттандыруы ислам дінінде харам ба?»: Хиджабтағы сексолог қазақ қыздарына оның қалай болатынын егжей-тегжей көрсетті

Вумбулдинг жаттықтырушысы ретінде танылып жүрген Анель Нұржаубаева қазақ қыздарына өз-өзін қанағаттандырудың жолдарын көрсетті. Ол қыз-келіншектерге тұрмысқа шықпай тұрып денелерін танып-білуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

хиджабтағы әйел
Анель ханым қазақ қыздарына жыныстық сауаттылық туралы үйретеді. Оның айтуынша, менталитемізге сай көптеген қыз-келіншектер өз-өзін зерттеуге ұялады екен. Сол себептен ол өзінің Qazaqsha Seks ютуб-каналында қазақ қыздарына өз-өзіне мастурбация жасаудың жолын жеміс-жидектер арқылы көрсетті.

«Мастурбация деген өз-өзін қанағаттандыру. Оның әртүрлі жолдары болады. Ол саусақпен, қолмен немесе арнайы ойншқтарды алып өзін қанағаттандыру. Жалпы мастурбация ол өз-өзін зерттеу. Біріншісі, әр әйел адам, өз-өзін кішкентай кезінен бастап зерттейді. Бірақ көбінесе біздің қыздар ұялады, өз жыныс мүшесін қарамайды. Кейін күйеу шыққанда немесе жыныстық қатынасты бастағанда өздері оргазм ала алмайды. Сол кезде ғана өздерін ашып, зерттейді. Екіншісі, әйелдің мастурбациясы оның сексуалдық тарапынан өзінің белсенділігіне байланысты. Кейбір қыздарда белсенділік жоғары. Сол кезде мастурбацияға келуі мүмкін. Үшіншісі, жесір және ажырасқан әйелдер мастурбацияға келеді. Ал кейбір кезде әйелдер оргазм ала алмайды, сол кезде ойыншыққа келеді», – дейді Анель Нұржаубаева өзінің.

Сондай-ақ, вумбулдинг жаттықтырушысы мастурбация мұсылман дінінде харам ба деген сұраққа жауап бере кетті.

«Дін жағынан мастурбация бола ма десек, оның екі жауабы бар. Біріншісі, харам дейді. Өйткені оргазм алу, қанағаттандыру тек күйеуіңізбен болады деген ой. Екіншісі, болады деп айтылады. Некесіз жыныстық қатынасқа түспеу үшін мастурбация жасауға болады деген пікір бар. Өйткені әйел өзін қатты мазасыз сезінсе, мастурбацияға келуге болады деген ой бар», – дейді вумбулдинг жаттықтырушысы.

Видеоны көргендер неше түрлі пікір қалдыруда. Оның ішінде «Не үйретіп отыр мынау, хиджаб киіп алып. Мынауың артық енді. Қызыңа, немереңе, ұлыңа үйрет. Қазақтар не боп барамыз» деп те жазған.

Талқылау
Пікір
GGG
27 Жел, 21 жыл - 04:06

Адам емес бул катын осы жаттыгу дегенимен талай семьяны бузып жатыр, онбаган кудайдан корыкпаган, бала шаган бар болса соларга корсет, уйрет малгун,сендейлерди таспен аткылап олтиру керек

Aizhan Islam
27 Мау, 20 жыл - 23:08

Осындай дінсіздердің кесірі тийп жатыр ислам дініне,исламда бундай нарсеге руксат жок! 

Аллахтан корыкпайтындар айтады осындай пасык нарселерді!

Айко
03 Мау, 20 жыл - 00:40

Мына анель нұржаубаева псих қатын точны псих қайдағы жоқ нәрсе айтып жүреді екен мына қатынның аузын жабу керек.

Aizhan Islam
27 Мау, 20 жыл - 23:09

Дұрыс айтасыз!